- Advertisement -

61

- Advertisement -

Өмір деген майданда талай ауыртпалықты бастан өткерген ұрпақтың өкіліміз. Өткен ғасырдағы аштық нәубеті мен саяси қуғын-сүргін, ұжымдастыру оқиғаларының да куәсі болдық. Ержеткен шағымызда туған Отанымызды жаудан қорғау үшін майданға аттандық. Қарша бораған оқтың астында, кескілескен ұрыстарда ерлік көрсетіп, туған жерімізге жеңіспен оралдық. Соғыстан кейінгі жылдары экономиканы қалпына келтіру жолында тер төктік. 

1991 жылы еліміз тәуелсіздік алды. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында қазақ елі төрткіл әлемге танылды. Қазіргі таңда дамудың сара жолына түскен мемлекетіміз алдында дағдарысты еңсеріп, ары қарай даму міндеті тұр. Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен Ұлт жоспарындағы басым бағыттар еліміздің даму бағдарын айқындап берді. Қиын кезеңде халық қалаулылары бесінші сайланған Парламент Мәжілісінің қызметін тоқтатып, кезектен тыс сайлау өткізу туралы үндеу жариялауы оңтайлы ұйғарым болғандығына куә болып отырмыз.
Ата жасынан асып, бабалық кезеңге жеткен қария ретінде айтарым, елімізде мерзімінен бұрын сайлау өткізу – біздің қоғамымызды топтастырып қана қоймай, экономикамыз және бүкіл еліміз үшін дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға жаңа қарқынмен кірісуге мүмкіндік береді. Бұл еліміздің болашағын баянды ету үшін қажет.
Бізді дамудың жаңа белестері күтіп тұр. Оны бағындыруда ұйымшылдықпен жұмыла еңбек етейік, ағайын!

Мәдібек Мақұлбеков,
соғыс және еңбек ардагері.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support