Қазақстан Коммунистік халық партиясының Мемлекет басшысының Жарлығын қолдау туралы мәлімдемесі
Қазақстан Коммунистік халық партиясының Мемлекет басшысының Жарлығын қолдау туралы мәлімдемесі
Дамудың заманауи кезеңі жаһандық экономикалық дағдарыспен сипатталады. Дағдарыстың салдарын қарапайым еңбек адамдары мен қоғамның ең әлсіз қорғалған жіктері аса өткір сезінеді. Күрделі кезеңде мемлекеттің қай даму жолы қоғам мүддесіне жауап беретінін және қандай партиялар сайлаушылар еркін жауапкершілікпен орындай алатынын бірлесіп шешудің маңызы зор. Жұртшылықты жұмылдыра білу барлық әлеуметтік топтардың мүддесі үшін күресетін халық сенімі Парламентін жасақтауға мүмкіндік береді. Бұл «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары шеңберінде жүргізіле бастаған реформаларға жаңа серпін беріп, кең ауқымды бүкілхалықтық қолдауға ие болған Парламенттің жаңа құрамда қарқынды жұмысқа кірісулеріне жағдай туғызады.