- Advertisement -

«Ақ жол» демократиялық партиясының Мемлекет басшысының «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына қатысты мәлімдемесі

66

- Advertisement -

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салмақты да көреген саясаты қашанда елімізге жаһандық экономикалық дағдарыс туындатқан көптеген қиындықтардан айналып өтуге мүмкіндік беріп келді. Және бүгінде, Қазақстан жаңа әлеуметтік-эко­номикалық жаңарулардың табал­дырығында тұрған кезде, Отанымыздың кең ауқымды жаңғырту бағыты өзінің нақты келбетіне ие болып үлгерді.

Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары шеңберінде 80 жаңа заң қабылданды. Жоспардың әрбір бағыты бойынша жол картасы жасалды және барлық жаңаруларды жүзеге асырудың нақты жоспары бар.
Нақты істерді жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталуда. Және дәл бүгін біз барлық жоспардың толықтай және мерзімінде орындалатынына сенімді болғымыз келеді.
Өзінің қатарында жеке бизнестің, кәсіпкерлердің өкілдерін біріктіре отырып, «Ақ жол» партиясы қазірдің өзінде көрініс беріп отырған әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарымен алғаш бетпе-бет келген адамдардың мүддесі үшін жұмыстануда.
Осындай жағдайда біз өзіміздің сайлау­шы­лары­мызға, әріп­тестерімізге жоспарларымыз бен уағдалас­тық­тары­мыздың орындалатынына нақты кепілдік беруге тиіспіз.
Біз Ұлт жоспарының, еліміздің бо­ла­шағына қатысы бар барлық ре­фор­малардың табысты жүзеге асы­ры­латынына сенімді болуымыз керек.
«Ақ жол» партиясының мүшелері Мемлекет басшысына депутаттардың Мәжілістің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдағаны үшін ризашылықтарын білдіреді. Біздің сайлаушыларымыз өздерінің сайлаған адамдарына толықтай сенімді болулары тиіс, ал депутаттар Қазақстан азаматтары өздеріне толықтай сенетініне сенімді болулары керек.
Біз жаңа Қазақстанды, ортақ Отанымыздың жарқын болашағын қалаймыз!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support