- Advertisement -

Америкада тағы да 5 млн көлік кері қайтарылды

59

- Advertisement -

20160125070948ҚазАқпарат — Көлік шығарушы кәсіпорындар жапондық Takata Corp компаниясы шығарған қауіпсіздік қапшығымен жабдықталған 5 млн машинаны кері шақыруда. Өйткені желтоқсан айында кемшілігі бар қауіпсіздік жабдығы салдарынан Ford көлігінің жүргізушісі көз жұмған.

The Wall Street Journal газетінің жазуына қарағанда, қауіпсіздік қапшығы жарылып кетеді, әрі тысының бөліктері салонға шашырайтын болып шықты. Сол арқылы жолаушылардың денсаулығына зақым келеді, кей жағдайда өлімге әкеліп соғады.

Көліктерді қайта жабдықтау туралы шешімді АҚШ-тың ұлттық жол қауіпсіздігі әкімшілігі (National Highway Traffic Safety Administration, NHTSA) өткен жұма күні қабылдаған, жапондық компанияның қауіпсіздік жабдығы орнатылған көліктердің кері шақырылғандарының жалпы саны 24 млн-ға жетті.

Бақылаушы органның шешімінің қатысы бар автомобильдер саны әлі де нақтылану үстінде.

Takata компаниясына қарсы АҚШ-та қылмыстық тергеу жүргізілуде, оған айыппұл салынған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support