«Нұр Отан» саяси партиясының Қазақстан Республикасы Президентінің «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына қатысты МӘЛІМДЕМЕСІ

86

«Нұр Отан» партиясы Мемлекет басшысына депутаттардың бастамасына қолдау көрсеткені және «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойғаны үшін ризашылығын білдіреді.
Біз жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында бізге биліктің заң шығару органының құрамын сапалық жағынан нығайту және жаңарту қажет деп санаймыз.
Барлық саяси партиялар үшін бұл – халыққа көптеген көкейкесті мәселелерді шешудің жолдарын көрсетудің, халық сенімінің сынағынан өтіп, мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде Мәжілістің жаңарған құрамында өзін тиімді дәлелдеудің жаңа мүмкіндігі.
Тәуелсіз Қазақстан өзінің ырғақты дамуының ширек ғасырында қуатты, негізгі құндылықтары тұрақтылық, бірлік және халықтың келісімі болып табылатын бүкіл әлемдік қоғамдастық тарапынан танылған мемлекет құруда үлкен жолдан өтті.
Бүгінде еліміз институттық реформалардың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын практикалық жүзеге асырумен байланысты дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Және осындай жағдайда қоғамдық-саяси дискурстың басты алаңдарының бірі ретінде Парламенттің рөлі айтарлықтай жоғарылайды.
Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім әрбір қазақстандыққа өзінің патриотизмін іс жүзінде көрсетіп, ел үшін осы маңызды кезеңде реформалар бағытын ілгерілетуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді.
Біз 940 мың партияластарымыздың атынан еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде топтасу мен бірлікке шақырамыз.

Comments are closed.