Денсаулық

Жамбыл облысындағы тікұшақ апатының орнынан алғашқы кадрлар пайда болды

Жамбыл облысындағы тікұшақ апатының орнынан алғашқы кадрлар пайда болды

photo_23727Жамбыл облысындағы Ми-2 тікұшағы апатының орнында түсірілген алғашқы кадрлар пайда болды, - деп хабарлайдыTengrinewsTV тілшісі. Видеодан ұшу аппаратының қаңқасын көруге болады.

Айта кетейік, 23 қаңтарда Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшырағанеді. Бұл туралы мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Кейін ұшқыштың зардап шеккені, оның Тараздағы №1 ауруханада екендігі анықталды.

Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Садыхан қыстауынан үш шақырым қашықтықта болған. Төтенше оқиға жайлы хабарлама 112 телефонына 23 қаңтарда кешкі уақытта келіп түскен.

"Оқиға орнына Тұрар Рысқұлов ауданының ТЖ жөніндегі аудандық бөлімінің және Жамбыл облысының ТЖ жөніндегі департаментінің қызметкерлері апат-құтқару іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін дереу жіберілді. 20.30-да оқиға орнына медициналық қызмет көрсету үшін жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді", - деп хабарлады Иманқұлов. Апаттың себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды. 24.kz телеарнасының мәліметінше, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.