- Advertisement -

Төле бидің шапаны мен қазақ хандарының ту басы

167

- Advertisement -

Астанадағы ҚР Ұлттық мұражайына Төле бидің шапаны мен қазақ хандарының ту басы әкелінді.

Шекпенді Төле бидің Қожамжар баласынан тараған ұрпақтары осы күнге дейін сақтап келген. Соның қайта жасақталған көшірмесі бүгін мұражайдың жәдігерлер қорына келіп қосылды. Сонымен қатар, мұражайға Алматы облысынан бірегей қазақтың киіз үйі, Жамбыл облысы Жалғыз оба қорғанынан алтын бұйымдар және Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан құнды жәдігерлер, Андронов дәуірінен жеткен тарихи құндылықтар да түсіп жатыр. «Бұл тек қана бір сандықта жатпасын, елдің көз қуанышы болсын деп, кешегі біздің ел, үлкен бір мемлекет болғанымызды, оның туы болғанын білдіру мақсатында осы бір құнды затты Астанадағы үлкен ордаға әкеліп отырмыз. Оның ресми атауы «Хандар туы» екені белгілі, кейбіреулер оны Жошы ханның тұсынан келеді дейді, енді бірі оны Тәуке ханнан келе жатқан ту деседі», – дейді қазақ хандарының ту басын алып келген хан Тәукенің тікелей ұрпағы Бекайдар Әміре.

Usually, the rental prices in ludwigsburg günstige ghostwriter jura and stuttgart are very expensive.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support