- Advertisement -

Мұнай бағасының құлдырауын болжаған трейдер оның 50 долларға дейін өсетінін де айтты

113

- Advertisement -

20141021170220Өткен жылы мұнайдың бағасы барреліне 25 долларға дейін құлдырайтынын болжаған мұнай трейдері және Andurand Capital қорының негізін қалаушы Пьер Андюран таяудағы екі жылда оның өсетінін де айтты. Бұл туралы трейдер Блумбергке сұхбатында мәлім еткен.

«Біз мұнайдың төмен бағалары қайта жоғарылауымен алмасатын әлемде өмір сүріп отырмыз. Шын мәнісінде оның бағасы ең төменгі межесіне жетті деп санаймын», — деді Андюран.

Оның пікірінше, ағымдағы жылы мұнай бағасының баррелі 50 долларға дейін, ал 2017 жылы — барреліне 70 долларға дейін өседі.

Андюран биылғы жылы мұнай бағамының өсу себебі ОПЕК-ке кірмейтін елдерден жеткізілімдердің қысқаруы болмақ, деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ 2018 жылы мұнай бағамы барреліне 100 долларға дейін өсуі мүмкін, деген болжам айтты, деп жазады РИА Новости.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support