Денсаулық

Моноқалалар айналасында геологиялық жұмыстар жүргізілмек

Моноқалалар айналасында геологиялық жұмыстар жүргізілмек

Орталық коммуникациялар қызметінде сейсенбі күні Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаевтың қатысуымен де брифинг өтті. Сала басшысы «Туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы. Геология саласындағы мәселелер» тақырыбында баяндама жасады.

«Ел Үкіметі 2015-2019 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасын бекітті. Қолданыстағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына 7 түбегейлі, 115 жүйелі және 67 редакциялық түзетулерді көздейтін жаңа заң жобасы Мәжілістің қарауына берілді. Үкіметтік бағдарламаға сәйкес 2015-2019 жылдары Жезқазған, Зыряновск, Риддер моноқалаларының айналасындағы аудандарда геологиялық жұмыстар белсенді түрде жүргізілетін болады», – деді Н. Сауранбаев. Заң жобасына тиісті өзгертулер енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну тәртібі жеңілдетілмек. Сонымен қатар, келісімшарттардың үлгісі де оңтайландырылып, әкімшілік кедергілерді азайту көзделген.

Фариза Әбдікерімова, «Ақ жол».