- Advertisement -

Моноқалалар айналасында геологиялық жұмыстар жүргізілмек

138

- Advertisement -

Орталық коммуникациялар қызметінде сейсенбі күні Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаевтың қатысуымен де брифинг өтті. Сала басшысы «Туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы. Геология саласындағы мәселелер» тақырыбында баяндама жасады.

«Ел Үкіметі 2015-2019 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасын бекітті. Қолданыстағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына 7 түбегейлі, 115 жүйелі және 67 редакциялық түзетулерді көздейтін жаңа заң жобасы Мәжілістің қарауына берілді. Үкіметтік бағдарламаға сәйкес 2015-2019 жылдары Жезқазған, Зыряновск, Риддер моноқалаларының айналасындағы аудандарда геологиялық жұмыстар белсенді түрде жүргізілетін болады», – деді Н. Сауранбаев.
Заң жобасына тиісті өзгертулер енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну тәртібі жеңілдетілмек. Сонымен қатар, келісімшарттардың үлгісі де оңтайландырылып, әкімшілік кедергілерді азайту көзделген.

Фариза Әбдікерімова,
«Ақ жол».

How many homework help https://homeworkhelper.net people, much less kids, are that calm and sensible.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support