- Advertisement -

Пендешілік

99

- Advertisement -

Адам – пенде, әр күні өзгереді. 

Астамшылық тірлікті көз көреді.
Мен күштімін дегенің ұят болады,
Ақыретте асықпа, сөз береді.

Тербегендей тірлікті әлемдегі.
Кісілігің көрінер сәлемдегі.
Кейбіреулер сөйлейді күпірлікпен,
Алақанда тұрғандай әлем тегі.

Күн кетеді күлімдеп жаздығынан.
Өлең туды жүректің наздығынан.
Талай жерде қателік жасап жүрсің,
Бойыңдағы иманның аздығынан.

Алтай
Сағындықов.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support