Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілмек
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілмек
Түстен кейін баспасөз алаңына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Нұржан Әлтаев қатысып, «Зейнетақы жүйесін жаңарту тұжырымдамасы туралы. Экономика салаларына арнап кадрлар даярлау» тақырыбы аясында баяндады.
Жиында Гүлшара Әбдіхалықова елімізде зейнетақымен қамтамасыз етуде оң өзгертулер бар екенін атап көрсетті. «Елімізде көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасқан. Базалық деңгейде ең төменгі күнкөріс деңгейі тарапынан өзгерістер болады. Жинақтау жүйесі дәл осылай жұмыс істей береді. Бүгінде бізде бірыңғай жинақтаушы қор жасақталған және инвестициялау тәсілдері де ойластырылған. Зейнеткерлерге зейнетақысы одан әрі де берілетін болады. Оның көлемін ұлғайту жыл сайын қаралып, жаңа жинақтау шарттары жүйесі енгізілуде», – деді Гүлшара Әбдіхалықова.
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілмек