Әдебиет

Бүлдіршіндер

Бүлдіршіндер

Бүлдіршіндер қызғалдақтай жайқалған.

Еркін ойды қысылмастан айта алған. Бала сәби көңіліне не жетсін, Жүздерінен қуанышы байқалған. Сезімдері көл-дария төгілген. Айтар сөзі ақтарылған көңілден. Балауса гүл, талдырмаштай нәзіктік, Тұла бойға білімдерің өрілген. Бір-біріне сенімменен қарайтын. Сабақ соңы у-шуласып тарайтын. Әрбір үйдің еркелерін анасы, Бақытынан шаттығына балайтын.  

Алтай Сағындықов.