Әдебиет

Шабыт сыры

Шабыт сыры

Жүрекке шырақ жағар жыр дегенің,

Көлеңке емес, күн еді іздегенім. Білім мен иман, әдеп, шынайы жыр, Негізі, ел-жұртыма бар берерім. Мендегі Алла сыйы – өлең, өнер, Бүкпесіз айтар ойым еркін келер. Кеудемде бүршік жарған гүл сезімнен Өмірге құштарлығым өсер, өнер. Тіліме ұйқас келсе мың бұралып, Кетеді Жердің жүзі сұлуланып. Сезетін көңіл ғана бір түйсікпен, Өзіме ыңғайлаймын бұрып алып. Бар жақсы асыл нұрдан таралғандай, Бар әлем махаббаттан жаралғандай. Жан-жүйем ерекше бір күйге енеді, Жазбауға ойға алғанды шамам қалмай.

Айша Көпжасарова.

Тараз қаласы.