Денсаулық

Қытай-Қазақ байланысы жанданып келеді

Қытай-Қазақ байланысы жанданып келеді

Келесі жиын ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың қатысуымен өтті. Олар ҚХР-мен екіжақты ынтымақтасу мәселелері жайында сөз етті. Брифинг барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары елімізде ҚХР-мен бірлесіп іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға тоқталып өтті.

– Көрші елмен мұнай-газ секторында – 11, мұнай-химия секторында – 1, энергетикалық секторда – 6, тау-кен металлургия секторында – 2 және ИЖТМ бағыты бойынша 4 жобаны жүзеге асырумен қатар, ККМ бағыты аясында «Ырғыз – Шалқар – Бейнеу учаскесін реконструкциялау» және «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» құрылысын бірлесе қолға алу жоспарланған. Мұндай ауқымды жобаларды бірлесіп іске асыру шетел капиталы ағынының маңызды бөлігі болып табылады. Осы жылдың басында ҚХР-дан инвестициялардың бірлескен көлемі 20 миллиард доллардан асты. Бұл шетел инвесторларының арасында 3-орынды көрсетеді. Оның 5,68 миллиард АҚШ доллары тікелей инвестициялар, – деп атап өтті Бақытжан Әбдірұлы. Сонымен қатар, осы жиында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Мүліктерін заңдастыруға байланысты азаматтарды амнистиялау» Заңының жобасы туралы, ал, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев еліміздің 2013 жылғы бәсекеге қабілеттілігі туралы және 2014 жылға арналған жоспарлар жайлы баяндады.

Фариза Әбдікерімова, «Ақ жол».