Мұнай бағасы өсті
Мұнай бағасы өсті
ҚазАқпарат - Кеше АҚШ-тағы мұнай қорының ұлғаюы туралы жарияланған деректерге қарамастан, жұма таңертең мұнай бағасы қымбаттай бастады, деп хабарлады ресейлік Интерфакс агенттігі.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, лондондық ICE Futures биржасында Brent мұнайының наурыздық фьючерстер құны 0,9 пайызға, яғни барреліне 29,51 долларға дейін өсті.
Нью-йорк тауар биржасындағы (NYMEX) сауда кезінде наурызға WTI мұнайының фьючерс құны 0,6 пайызға, барреліне 29,71 долларға дейін өсті.
Таңертеңгі сауда-саттық барысында Brent мұнайының баррелі 29,75 долларға дейін, WTI баррелі 29,99 долларға дейін көтерілді.
АҚШ энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, елде өткен аптада мұнайдың тауарлық қоры 3,98 млн баррелльге артты.
Еске сала кетсек, жыл басынан бастап мұнай 20%-ға арзандады.