- Advertisement -

Экономиканы дамытуға жол ашады

77

- Advertisement -

 Тазагүл Кадимова,

аудандық мәслихаттың депутаты.

Жаһандағы қалыптасқан құбылмалы жағдай дамыған мемлекеттердің өзін тығырыққа тіреуде. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылымдағы депутаттары осындай қиын кезеңде жұмыс жасап, өткен жылы ел дамуына ықпал ететін маңызды жобаларды қарап, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары талаптарына байланысты бірқатар Заңдарды қабылдады. Біздің алдымызда Бес институционалды реформаны жүзеге асыру міндеті тұр.
Бұл реформалар көптеген сын-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дағдарыс жағдайында ел экономикасын дамытуға жол ашады. Қазіргі жағдайда бюджет қаражатын мейлінше тиімді пайдалану маңызды. Сондықтан, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы ұсынысты оңтайлы шешім деп білемін.
Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылымдағы депутаттары Ұлт жоспарын іске асырудың заңнамалық негізін қалады, 80-ге жуық заң қабылданды. Соған қарамастан, депутаттар Мәжілісті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастама көтеріп отыр. Ондағы мақсат – қазына қаржысын үнемдеу, қалыптасқан жағдайға қарай қарымды қадам жасау.
Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу экономикалық тұрғыдан ғана тиімді емес. Бұл науқанның саяси-әлеуметтік мәні зор. Біріншіден, жаңадан сайланатын депутаттар Парламентке тың күш, жаңаша серпін әкеледі. Екіншіден халық алға қарай қадам басу үшін өздеріне не қажет екенін айқын сезінетін болады.
Әлемдік дағдарыстың зардаптарына өзара үндестікте, үйлесімді жұмыс істеу маңызды. Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын бірге өткізу осы тұрғыдан алғанда өте тиімді болмақ. Дағдарыс – өтпелі. Дегенмен, Мәңгілік Ел болу үшін, мемлекеттің өркендеп-өсуі үшін мықты ауызбіршілік керек.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support