- Advertisement -

Біз жастарға сенеміз

78

- Advertisement -

 Әшен Қырғабақұлы,

еңбек ардагері.

Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын кезектен тыс өткізу туралы үндеуді түсіністікпен қабылдадық. Олай дейтінім, қазір әлемде үлкен дағдарыс жүріп жатыр. Жұмыссыздық, ақшаның құнсыздануы, азық-түліктің қымбаттауы ірі елдердің өзін есеңгіретіп жатыр. Туған жерін тастап, өзге елді паналап жатқандар қаншама?! Енді осындай қиындық біздің елді де шарпымаса екен деп тілейміз. Құдайға шүкір, елімізде бірлік бар. Бірлік бар жерде тірлік бар. Осынау орасан дағдарыстардың алдын алу үшін одан келетін қиындықты болдырмас үшін бізге мықты Парламент керек. Ол Парламенттің қатарына оқыған, іскер, жұртты еңбекке жұмылдыра білетін ақылман жастар керек. Өйткені, жас келсе іске деген. Біз қарттар жастардың болашағынан үлкен үміт күтеміз. Біз өз заманымызда хал-қадерімізше қоғамға еңбек еттік. Тер төктік. Мал бақтық. Егін ектік. Ұрпақ өсірдік. Ендігі тірлік жастардың қолында. Сондықтан, халық қалаулылары үшін сайлау өтіп, онда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еліміздің ертеңі үшін еңбек етейік. Біздің жас мемлекетіміздің алар асуы алда. Бүгінгі қиындықтан тек еңбек қана алып шығып, көсегеміміздің көгеріп, көрпеміздің ұзарары хақ. Олай болса, елді ұйыстыратын, жаңа биіктерге алып шығатын Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын тездетіп өткізген жөн деп санаймын.

Меркі ауылы,
Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support