- Advertisement -

Атаулы көмек оңтайландырылады

68

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 84-қадамы әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыруды көздейді.
Әлеуметтік көмек жүйесіне реформалар енгізу мақсатында облысымызда 2014 жылдан бері «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы енгізіліп, оның аясында шартты ақшалай көмек тағайындалуда.
Бағдарламаның негізінде Әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту жоспарланып отыр, кедейлік шегі 2018 жылдан бастап 40 пайыздан 50 пайызға дейін көтеріледі, 2016 жылы республика бойынша пилоттық режімде, 2018 жылдан бастап заңды түрде көп балалы және аз қамтылған отбасыларына берілетін әлеуметтік төлемдердің орнына жаңа форматтағы атаулы көмек тағайындау жоспарланып отыр.
Өткен жылы облыста 1788 отбасындағы 9694 адамға 420,3 миллион теңгенің шартты ақшалай көмегі тағайындалды. Қөмек тағайындалған отбасыларынан 2235 жұмыс жасындағы азаматтар әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тартылды, оның 1067 адам тұрақты жұмыс орындарына, 403 ақылы қоғамдық жұмыстарға, 478 адам «Жұмыспен қамту жол картасы» аясындағы жұмыстарға, 118 адам жастар тәжірибесімен қайта даярлау оқуына, 169 адам әлеуметтік жұмыс орындарына қатыстырылды.
Жалпы, «Өрлеу» бағдарламасы іске асырылған уақыттан бастап облыста әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне 5511 адам тартылып, табысы кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың үлесі 0,4 пайызға дейін төмендеді. Бағдарламаға қатысқан азаматтар атаулы көмекті жоғарылатылған мөлшерде алғанына қоса еңбектеніп еңбекақы алуға, жаңа мамандық алуға мүмкіндіктері болады.
Бағдарламаға қатысамын дегендер жергілікті жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш беру қажет. 2018 жылдан тағайындалатын жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бүгінгі күні 4 баласы 18 жасқа толмаған отбасыларына берілетін арнаулы әлеуметтік жәрдемақы, 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларына жергілікті бюджет есебінен берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмектің орнына берілетін төлем болады.
Атаулы көмек шартты атаулы әлеуметтік көмек және шартсыз тағайындалатын көмек ретінде беріледі.
Шартты атаулы көмек аз қамтылған отбасындағы еңбек жасындағы азаматтардың міндетті түрде мемлекеттің жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда, ал шартсыз ақшалай көмек отбасында жұмысқа жарамды азаматтары жоқ отбасыларына тағайындалатын болады.

Сәкен Арубаев,
облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support