- Advertisement -

«25 қайырымды іс» акциясы

66

- Advertisement -

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асыру мақсатында «25 қайырымды іс» акциясы аясында «жасотандықтар» еңбек және тыл ардагерлеріне үй шаруасына көмектесті.

Патриотизмді, салт-дәстүрлер мен қарттарға құрметті нығайтуға бағытталған шара барысында «жасотандықтар» қарттардың үй жұмысы мен бау-бақшаларында тазалық жұмыстарын жүргізді.
– Майдан, тыл деген жай аты ғана. Әйтпесе, бірі мылтықты, бірі мылтықсыз – екеуі де жанкешті шайқас болатын. Ер-азаматты оқ қинаған, бала-шағаны жоқ қинаған заман еді ғой, – деп сұрапыл соғыс кезін еске алды Ұлы Отан соғысының ардагері Күләш Бейсенқұлова. Өз кезегінде ардагерлеріміз «жасотандықтарға» ризашылығын білдіріп, жастарды ата-ана мен отбасы ошағын бағалап, құрметтеуге шақырды.
Аталмыш акция аясында жылдың аяғына дейін түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылатын болады.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support