- Advertisement -

ДЕҢГЕЙІ БИІК ДЕПУТАТТАР КОРПУСЫ

91

- Advertisement -

Бағлан
Қарашолақов,
облыстық
мәслихаттың
хатшысы.

Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың атқарған жұмысы ауқымды

Бесінші шақырылған облыстық мәслихатта бір мандатты округтер бойынша 35 депутат өз қызметтерін жүзеге асыруда.
Бесінші шақырылымның басынан, яғни 2012 жылдың қаңтар айынан бері облыстық мәслихаттың 43 сессиясы өткізілді, оның 26-сы – кезектен тыс сессиялар. 2015 жылы 4 кезекті, 6 кезектен тыс сессия өтті. Өткен төрт жыл ішінде депутаттар сессияларға ұсынылған барлығы 16 мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылдады. Жалпы, шақырылым мерзімі ішінде 71 шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілді, оның ішінде 23-і – 2015 жылдың үлесінде.
Сессияларда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелері қаралды. Олардың ішінде, облыстың ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, жаңа технологиялар енгізу, қайта өңдеу, саланы техникалық жаңғырту, суармалы суды тиімді пайдалану және гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайы, емдеу мекемелерінің тұрғындарға қызмет көрсету сапасы, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылу жағдайы, құқық қорғау органдарының қылмыспен күрес және оның алдын алуда атқарып жатқан жұмыстары туралы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою, облыста дене шынықтыру мен спортты дамыту т.б. мәселелер бар.
2015 жылы облыстық мәслихат жұмысы перспективтік жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді. Барлық жоспарланған іс-шаралар мерзімінде орындалды.
Мәслихат сессияларында мәдениет мекемелерінің халыққа мәдени қызмет көрсетуде атқарып жатқан жұмыстары облыстағы сәулет, қала және тұрғын үй құрылысының, жергілікті автомобиль жолдарының жағдайы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу шаралары туралы мәселелер талқыланды, облыстың 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті қабылданды. Сонымен қатар, 6 кезектен тыс сессия өткізіліп, 2015 жылғы облыстық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің ағымдағы өзгеруіне байланысты бюджетке 4 рет түзетулер, толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп отырды. Сондай-ақ, облыс әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі тыңдалып, өңір басшысының атқарып жатқан жұмыстарына облыстық мәслихат депутаттары оң баға бере отырып, бірқатар ұсыныстар білдірді.
Сонымен қатар, көптеген қағидалар мен ережелер, бағдарламалар және облыс әкімдігі жанындағы комиссиялар мен кеңестердің құрамы бекітілді.
Сессияға ұсынылған мәселелер алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында қаралып, жан-жақты талқылаудан өткізіліп отырды.
Сессияларда, тұрақты комиссия отырыстарында қаралатын материалдардың сапасын жақсарту мақсатында алдын ала жадынамалар дайындау, түрлі саланың білікті мамандарын мәселені зерделеу жөніндегі депутаттық жұмыс тобының құрамына тарту кеңінен тәжірибеге енгізілді. Бұл өз кезегінде депутаттардың алқалы жиындарында қаралатын мәселелердің мәнін тереңдетіп, шынайы тұрғыда шешімге келуге мүмкіндік беруде.
Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары барлығы 78 отырыс, оның ішінде 2015 жылы 20 отырыс өткізді. Тұрақты комиссиялар облыс бюджетіне өзгерістер енгізу, бюджеттің атқарылуы, құқық бұзушылықтың алдын алу, «Білім туралы» Заңды іске асыру, дәрігерлік мекемелердің тұрғындарға қызмет көрсетуі, елді мекендердегі эпизоотиялық жағдай, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалу барысы, тұрғын үй-коммуналдық саланы жетілдіру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру туралы және басқа да мәселелерді қарады.
Сессиялардың шешімдерінің орындалу барыстары мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады, ол жөнінде сессияларда хабарлама жасалады.
Облыстық мәслихат аппаратының бастамасымен соңғы жылдары тұрақты комиссиялардың көшпелі отырыстарын өткізу қолға алына бастады. 2014-2015 жылдары осындай отырыстар Меркі, Т.Рысқұлов, Байзақ, Шу және Талас аудандарында өткізіліп, онда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру, жер қатынастарын реттеу саласында заңнамалардың сақталуы қамтамасыз етілу жағдайы, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, ветеринариялық объектілердің эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы облыстық мәслихаттың шешімінің орындалу барысы, коммуналды-шаруашылық және мәдени-әлеуметтік нысандардың қысқы маусымға дайындығы, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық тәртібін бұзушылыққа қарсы күрестің жағдайы қаралды.
2012-2015 жылдар аралығында облыстық мәслихаттың шешімдерімен 36 адамға, оның ішінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына және Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне орай соңғы екі жылда 30 адамға «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Депутаттар корпусы – халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, облыс тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарда өз белсенділіктерін танытып келеді.
Олардың арасында мәслихаттың тұрақты комиссияларының жетекшілері Сембек Сейдәзімов, Масат Берік, Дариякүл Қожамжарова, сондай-ақ Гүлдара Нұрымова, Совет Қалманбетов, Асаубай Майлыбаев, Ақынбек Бектай, Мұратқали Сәрсенов, Ерболат Досымбеков сынды депутаттар мәслихат жұмысын жетілдіруде тың ұсыныстар, жаңа идеяларды өрістететін табандылығымен ерекшеленіп жүр.
Бесінші шақырылымның депутаттарының сессияларға қатысуының орташа көрсеткіші 88 пайызды құрады. Депутаттар төрт жылда 71 рет, оның ішінде 2015 жылы 27 рет сессия мінберіне шығып, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Облыстық мәслихат депутаттары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таныла бастады.
Депутаттар төрт жыл ішінде 265 рет мерзімдік басылымдарда мақала жариялап, облыстық теледидарда халықпен жүздесті. Олардың ішінде Д.Қожамжарова – 42, А.Майлыбаев – 34, Г.Нұрымова – 31, М.Ескендіров – 30, Б.Алдашов – 21, Г.Орынбаева – 20, С.Сейдәзімов 18 рет бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін пайдаланды.
Депутаттар жылдан-жылға депутаттық сауал құқығын пайдалануда да белсенділік танытып келеді. Соңғы төрт жылда ҚР Үкіметінің басшысына, Парламент депутаттарына, түрлі министрліктер мен ведомстволарға, облыстық басқармалар мен департаменттерге, әкімдіктерге – 162, оның ішінде 2015 жылы 27 сауал жолдады. Олардың 70 пайыздан астамы оң шешімін тапты.
Бесінші шақырылымның депутаттары сайлаушылармен жалпы саны – 420, оның ішінде 2015 жылы 105 кездесу өткізді, онда коммуналдық қызмет көрсетулер тарифтерінің көтерілуі, жолдар сапасы, сумен қамтамасыз ету, газбен жабдықтау, тұрғын үй мәселелері, еңбекке орналастыру, мектепке дейінгі тәрбиенің сапасын арттыру, тамақ өнімдерінің бағасын қалыптастыру, медициналық қызметті жақсарту, студенттердің жол ақысына жеңілдік жасауға ықпал ету секілді басқа да бірқатар мәселелер көтерілді.
Депутаттар сайлаушылармен кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен қойылған сауалдар бойынша мәслихат аппаратымен кеңесе отырып, тиісті органдарға депутаттық бланкі де жолдайды. Мұндай хаттарға уақтылы жауап берілуін аппарат қызметкерлері қадағалап отырады.
Депутаттар мен атқарушы билік басшылары арасында іскерлік қарым-қатынас орнаған. Өздерін толғандырған мәселелермен депутаттар облыс әкімінің, орынбасарларының қабылдауларында жиі болады. Өздерінің сайлау округтеріне қатысты мәслихат аппаратына келіп түскен арыз-шағымдарды тексеруге қатысады.
Облыстық мәслихат депутаттары Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету, «Мектепке жол», Қарттар күніне байланысты қайырымдылық акцияларына белсенді ат салысып келеді. А.Майлыбаев, М.Ескендіров, М.Сәрсенов, Х.Базаралиев, Қ.Шайхиев, О.Телеуов, Г.Нұрымова тәрізді ірі кәсіпорындар мен мекеме басшылары т.б. көптеген іскер депутаттар аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға оқу жылының бүкіл өн бойына нақты дербес көмек көрсетуде, бірнеше баланы және отбасыларын жеке қамқорлықтарына алуда.
Тек 2015 жылы облыстық мәслихат хатшысының 180 өкімі рәсімделіп, тиісті тіркеуден өтті. Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы 38 өкім қабылданды. Марапаттау комиссиясының қарауына жыл ішінде әртүрлі мекемелерден, ұйымдардан, кәсіпорындардан, құқық қорғау органдарынан және тағы басқаларынан 87 ұсыныс келіп түсті. Олардың барлығы өз деңгейінде қанағаттандырылды. Берілген ұсыныстар негізінде 126 азамат Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды. Марапатталғандар туралы шығарылған өкімдер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырды.
2015 жылы жеке тұлғалардан 46, заңды тұлғалардан 97 өтініш қабылданып, барлығына тиісті жауаптар жіберілді. Облыстық мәслихат аппаратына 469 хат келіп түсті, оның 447-сі мемлекеттік органдардан, 22-сі мемлекеттік емес мекемелерден келді. Келген хаттардың 182-сі назарға алынып, 83-і сессия отырыстарының қарауына жіберілді. 206-сына тиісті жауаптар берілді.
Сонымен қатар, мәслихат аппаратының қызметкерлері мемлекеттік органдарға – 469, ал 129 мемлекеттік емес мекемелерге 598 хат жолдады.
2015 жылы мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық жағынан және өзге де мәселелер тұрғысынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын облыстық мәслихат аппаратының 2 қызметкері Астана, Алматы қалаларында, 2-еуі облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру және қайта даярлау орталығында дәріс алды.
Мәслихат аппараты жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастыру мақсатында материалдық-техникалық базасы нығайтылып, қажетті негізгі құралдар сатып алынды.
Арнайы ойластырылған стенділерде мәслихаттың перспективтік жұмыс жоспарынан бастап тұрақты комиссиялар, олардың құрамдары, жұмыс жоспарлары, отырыстарының хаттамалары тағы да басқа ақпараттар қойылған. Әр депутатқа жеке папка арналып, оның депутаттық қызметіне қатысты барлық құжаттар, деректер жинақталған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support