- Advertisement -

Ана, сен бақыттысың! Жыламағын!..

123

- Advertisement -

Тараз қаласының қақ ортасына үш қабатты зәулім, қоршауы биік және көрікті мекеме орналасқан. Бұл – облыстағы әйелдерге арналған дағдарыс орталығы. Бұл жерде отбасында зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмек көрсетіліп, жеке басының мәселесін шешуге мүмкіндік жасалады. Психологиялық, медициналық, құқықтық бағыттар бойынша қызмет түрлері де бар.
Орталықтың ашылғанына бір жыл болса да, 89 жанның, оның ішінде 58 балалы әйелдің жанайқайына құлақ астық.
Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсетілген жағдайда және құқықтары бұзылып, барар жер таппаған кезде, туыстары қабылдамаса, орталықтың көмегіне сүйене алады. Мұнда сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Мысалы, 45-59-57 нөміріне хабарласса болады.
Орталыққа облыстық іскер әйелдер қауымдастығы мен «Қызыл крест» қоғамының демеуімен киім-кешектер беріліп отырады. Әлеуметтік жағдайына байланысты мүмкіндігінше жұмысқа орналастырылады, ал балалары орталық маңындағы мектепте оқытылады.
Қазіргі таңда өзекті мәселе – қызмет алушы әйелдердің балаларын балабақшаға орналастыру. Орталықтан шыққаннан кейін балаларымен барар жері жоқ әйелдер де кездеседі. Осындай мәселелерді шешуге әкімшілік тарапынан көмек көрсетілсе және демеушілер қолдау білдірсе деген үмітіміз бар.

Нұржамал ПірӘлиева,
әйелдерге арналған дағдарыс орталығының әлеуметтік қызмет жөніндегі кеңесшісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support