- Advertisement -

«Бином Group» биігі

128

- Advertisement -

Бүгінде компания жылына 4 миллиард теңгеге дейін құрылыс құрастыру жұмысын игере алады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылғы Жолдауында: «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!» – деп ерекше атап көрсетті. Елімізді бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына қосуда құрылыс саласының алатын орны айрықша. Елімізде мемлекеттік «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы қабылданды. Елбасы тұрғын үйлерді жылдам әрі сапалы салу міндетін қойып отыр.

8Серік Олжабеков,
«Бином Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы.

10Біздің ««Бином Group» ЖШС Мемлекет басшысы алға қойған асқаралы міндетті абыроймен орындауға бар күш-жігерлерін жұмылдыруда. Серіктестік облыс аумағында әлеуметтік және су шаруашылығына қажетті нысандар салады. Құрылыс жүргізу үшін өзіміз жоба жасаймыз, материал өндіреміз және мемлекеттік сатып алу конкурсында ұтып алған нысандарды салып, пайдалануға береміз. Бүгінде компанияның жылына 4 миллиард теңгеге дейін құрылыс құрастыру жұмысын игере алатын әлеуеті бар.
Серіктестік осындай дәрежеге оңайлықпен қол жеткізген жоқ. «Бином» ЖШС осыдан он бес жыл бұрын жабылып қалған су шаруашылығы нысандарын салумен шұғылданатын «Агроқұрылыс» кәсіпорны базасында құрылды. Су шаруашылығы нысандарын жөндеуге кіріскен кезде компанияда 10 ескі техника және 20 адам ғана жұмыс істейтін. Қырғыз мемлекетіндегі Киров су қоймасын жөндеуге еліміз жыл сайын 50 миллион теңге бөледі. Біз әуелі осы жұмыспен шұғылдандық. Біртіндеп тендерлерге қатысып, ірі нысандардың құрылысын ұтып алдық.
Бүгінде «Биномның» қолтаңбасын аймақтағы көптеген ірілі-ұсақты нысандардан кездестіруге болады. Мемлекеттік комиссия біз құрылысын жүргізген Тараздағы жобалық-сметалық құны 3,2 миллиард теңге Қан құю орталығы, «Астана» мөлтек ауданындағы орта мектеп пен балабақша, Жамбыл ауданының Аса ауылындағы Ю. Гагарин атындағы орта мектепке жақсы баға берді. Таяуда Жамбыл ауданындағы Түрксіб ауылында 280 орындық балабақшаны бүлдіршіндер игілігіне бердік. Талас ауданындағы Үшарал ауылының маңындағы су құрылғысы жөндеуден өткізілді. Жалпы, кәсіпорын өткен жылы 2,5 миллиард теңгенің құрылыс құрастыру жұмысын игерді.
Құрылысты уақтылы әрі сапалы жүргізудің барлық жолдары үздіксіз іздестірілуде. Осы мақсатта бірнеше еншілес кәсіпорын құрдық. Солардың бірі – «БиномСтройДеталь» ЖШС темірбетон бұйымдарының ондаған түрін өндіреді. Бұған қоса арнайы цехтарымызда ағаш және пластикалық есік-терезелер жасалады. Мұның өзі бізге құрылысқа қажетті материалдардың 70 пайызын өзімізде өндіруге мүмкіндік беруде. «Биномводстрой» ЖШС канал салу және жөндеумен шұғылданады. «Биномснаб» ЖШС компанияға барлық қажетті құрылыс материалдарын жеткізіп береді. «Бином Вертикаль» ЖШС тұрғын үй салумен, «Таразводпроект» ЖШС жоба жасаумен айналысады. «Таразводпроект» мамандары ұтып алған бірқатар сапасыз жобаларымызды жетілдіріп, өзгертулер мен толықтырулар енгізеді. Өзіміз салатын нысандардың жобасын жасайды.
Жалпы, бүгінде компанияда тұрақты – 300, ал, еншілес кәсіпорындарда 100-ден астам адам жұмыс істейді. Жазда жұмысшылардың саны 500-ге дейін жетеді. Кейінгі кезде материалдық-техникалық базамыздың нығаюына байланысты олардың айлық жалақылары жыл сайын өсірілуде. Қазір мұнда орташа жалақы – 90 мың теңге. Тапқан табысымызды негізінен өндірісті жаңартуға жұмсаудамыз. Соның нәтижесінде техникамыздың саны 100 бірліктен асты. Олардың 80 пайызы – жаңа. Серіктестікте кадр тұрақтамаушылығы жоқ. Құрылысшылардың 20-30 жылдық еңбек өтілдері бар.
Кейінгі кезде серіктестік қолға алған ірі жобаның бірі – Индустрияландыру картасына енгізілген «Тұрғын үй комбинатының құрылысы». «БиномСтройДеталь» серіктестігі базасында салынған нысанның құны 700 миллион теңге. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істегенде жылына 19500 текше метр ірі қабырғалық панель шығарады. Ол іске қосылғанда жаңадан 100 жұмыс орны ашылады. Ірі зауыттың құрылысын салуға білікті мамандар тартылды. Оған қажетті жабдықтар Германиядан жеткізілді. Таяуда оның құрылысы толық бітті. Алғашқы қабырғалық панельдерді шығаруды қолға алдық. Қазір нысанды мемлекеттік комиссия қабылдауда.
Ірі қабырғалық панельдің артықшылығы көп. Осындай материалдармен тұрғын үйлер жылдам әрі сапалы салынады. Өзімізде өндірілгендіктен оның құны 15 пайыз төмен болады. Зауытта шығарылған ірі қабырғалық панельдер «Қолжетімді баспана-2020» бағдарлама аясында Тараз қаласының шығысында, Қызыл Жұлдыз ауылының жоғарғы жағында салынатын жаңа мөлтек аудан құрылысына пайдаланылады. Биыл Тараз қаласындағы Химия кенті және «Былғары аяқ киім комбинаты» маңында бес қабатты 20 пәтерлік төрт үй салатын боламыз. Сондай-ақ, «Бәйтерек» мөлтек ауданында екі 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы бой көтереді. Олардың барлығына ірі қабырғалық панельдер қолданылады.
Кәсіпорында сапа менеджменті жүйесі енгізілген. Шығарылған құрылыс материалдарымыздың барлығы сертификатымен сатылады. Құрылыс салуда және материалдар шығаруда жаңа технологияларды кеңінен енгізуге күш саламыз. Мұның өзі бізге қолға алған нысандарымызды уақтылы пайдалануға беруге игі ықпалын тигізуде. Ірі нысандардың құрылысын әлеуеті зор және өзін істе көрсеткен компанияларға беру керек. Өкінішке қарай, бізде бірқатар кәсіпорындар осындай жұмысты ұтып алып, құрылысын бірнеше жылға созып жіберетінін көріп жүрміз.
Мемлекеттік сатып алу конкурстарына үзбей қатысып келеміз. Биыл тұрғын үй құрылысынан бөлек Талас ауданындағы Ойық ауылындағы су құрылғысын жөндеуден өткіземіз. Оны күзде бітіріп, іске қосамыз. Жаңатаста «Еурохим Тыңайтқыш» ЖШС-ның тапсырысымен кеңсе және қонақ үйлерін салып жатырмыз. «Базарбай» каналын жөндеуден үміттіміз. Ірі нысандардың құрылысын ұтып алуға ұмтылудамыз. Біз жоғарыдағы табыстарға істі дұрыс ұйымдастыру және ұйымшылдықтың нәтижесінде қол жеткізудеміз. «Жалғыз ағаш орман болмайды» демекші, маған бұл істе бірінші орынбасарым Уәлихан Жұмабаев, «Бином» ЖШС директоры Мәди Изенбаев және бас инженері Кеңесхан Аралбаев, «Биномводстрой» ЖШС директоры Данияр Олжабеков және «БиномСтройДеталь» ЖШС директоры Сергей Поздняков үлкен көмек көрсетуде.
Тұрғын үй комбинатында шығарылатын қабырғалық панельдерді келешекте облыс аумағында құрылыс салатын мердігерлерге де сататын боламыз. Зауытты келесі жылы толық қуатында жұмыс істету көзделуде.

Суреттерді түсірген Ақәділ рысмахан.

If you choose to live there you will have a single room* in a suite which you share with other male and female students klicken from germany or abroad.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support