Денсаулық

Жамбыл облысында көлікте босанған оқушы қыздың оқиғасынан кейін бір шенеунік қызметінен кетті

Жамбыл облысында көлікте босанған оқушы қыздың оқиғасынан кейін бір шенеунік қызметінен кетті

photo_23633Кәмелет жасына толмаған қыздың босануы туралы оқиғасынан кейін Жамбыл облысының Талас ауданының әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімінің кеңейтілген отырысынан кейін белгілі болды. "Бұл шаралар мектептің мұғалімдер құрамының оқушыларға салғырт қарауына байланысты қабылданып отыр", - деп хабарлады Ермек Қуанышев. Сонымен қатар, мектеп директорымен бірге жұмыстан кету туралы арызды Талас аудандық білім бөлімінің жетекшісі Санат Әшірбеков те жазды. Сонымен қатар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және сынып жетекшісі жұмыстан босатылды.

Ал сәбиді өлтірді деген күдік келіп отырған әйелдің ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр. "Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің аясында әйел медициналық сараптамадан өткізіліп жатыр. Ал босанған қызға келсек, дәрігерлер оны ауруханадан шығаруға дайын. Заңға сәйкес, оны биологиялық ата-анасы алып кетеді", - деп хабарлады прокурордың көмекшісі Еркін Қуанышев.

Оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің асырап алған жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының өгей шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, таңғалғанын және бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтып отыр. Кейін сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталды. Жалпы асырап алған анаға, жүргізушіге және сәбидің әкесіне қатысты төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қуанышев сәбидің әкесінің аты-жөнін атады - 1998 жылғы Сайлаубек Елдосов, Қаратау қаласындағы колледжде оқиды екен, ол да Талас аудандық Үшарал ауылының тұрғыны. Елдосов бастапқыда үйленемін деп, кейін жүкті қыздан бас тартқан.