Қазақстанда сиырдың сүйек-саяғынан мысық пен ит жейтін тамақ шығарылады

89

20160119173825Қазақстанның «АкТеп» ЖШС компаниясы мысық, ит және балық жейтін тамақ өндіріп шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингісінде компанияның құрылтайшысы Нұрлан Сағыналин мәлім етті.

«Биылдан бастап кәсіпорнымыз үй жануарларына арналған жем шығарушы өндірістермен  («Pedigree», «Whiskas» маркалары — агенттік) қарым-қатынас орнатады. Яғни, енді біз де ит-мысықтарға арналған тамақ өндіре бастаймыз. ол өнімдерді бұрын керексіз еткен қалдықтардан, мысалы, сиыр мүйізінен, малдың сүйек-саяғынан жасаймыз», — деп түсіндірді ол.

Кәсіпкердің хабарлауынша, қазір бұл өнім тиісті сертификаттан өтіп жатыр. «Өнім жақын арада дүкен сөрелеріне шығады деген үміттемін. Және өнімнің бағасы импорт бағасынан төмен болады», — деп толықтырды Н.Сағыналин.

Айта кетейік, «АкТеп» компаниясы айына 200 тонна ет көлемінде сиыр етін экспорттап отырған компания.

Comments are closed.