- Advertisement -

Ардагерлерге құрмет көрсетті

107

- Advertisement -

5Міне, биыл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 69 жыл толып отыр. Бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Отан үшін әрбір азамат қасық қаны қалғанша ерлік көрсетіп, жандарын пида етті. Жер жүзін шарпыған сұм соғыста қаншама боздақтарымыздан айырылдық. 

Бірақ, олардың ел үшін, туған жер үшін қайтпас қайсарлықтары мен жанкешті ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Есіл ерлеріміз жеңісті сыйламағанда біз болашақ ұрпақ бүгінгі күнге жетпес едік. Сондықтан Ұлы Жеңісті сыйлап, бейбіт өмірге жеткізген Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету кейінгі ұрпақтың парызы.
Осыны ескеріп, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Абдалы Нұралиев Тараз қаласының тұрғындары, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, украиндық ағайынды Федор және Григорий Мирошниковтардың үйлеріне арнайы барып, жүздерін қарттық шалған майдангерлерді ұлы мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат жасады.
– Сіздердің ерліктеріңіз ұмытылмақ емес. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Ешқашан ауырмай, ортамызда осылай аман-есен жүре беріңіздер, – деп басқарма басшысы Абдалы Тоқбергенұлы ардагерлерге ақ тілегін арнады.
Кеуделері түрлі медальдар мен ордендерге толы, сол бір сұм соғыстың енді қайталанбауын тілейтін қарт майдангерлер өздерін елеп, ескеріп келген басшыларды көргенде көңілдері жайдарыланып қалды. Жүздеріне күлкі мен мейірім үйіріліп, сол бір күндерден қалған естеліктерін еске түсіріп те жатты.
Иә, жыл өткен сайын ардагерлер қатары азайып барады. Елдің тыныштығы үшін азап шеккен ардақтыларға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Тұңғыш ЖАНҰЗАҚОВ.

I have written a couple of blogs that show you some of the most reliable ways phone spy app of doing so.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support