- Advertisement -

«Қазақстанның Ардагерлер Кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мәлімдемесі

124

- Advertisement -

«Қазақстанның Ардагерлер кеңесі» Мәжілісті тарату және Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын тағайындау туралы бастаманы қолдайды.

Бүгінде әлемнің ең дамыған 30 елінің санатына қосылуға бет алған Қазақстан әлемдік деңгейдегі барша қиындықтарға алдын ала тойтарыс беріп, өзінің даму стратегиясынан бір мысқал да айнымай алға қадам басуда.
Өткен жылы еліміз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын зор ауқымда атап өтті. Қазақстанда тұратын бірде-бір ардагер мемлекет назарынан тыс қалған жоқ. Біз өзіміз үлес қосқан Ұлы Жеңістің араға жылдар салып Елбасының арқасында Ұлы Тәуелсіздікке ұласқанын көрдік.
Қашанда халқының тілеуін тілейтін ардагерлер қауымы Қазақстанның Елбасының жетекшілігімен талай тығырықтан аман шыққанына куә болып келеді. Қазір де ардагерлер Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы саясатының толығымен, уақтылы жүзеге асуын жан-жақты қолдайды. Сондай-ақ, Тәуелсіз Қазақстанды барлық бағыттар бойынша жаңғырта түсетін 5 институттық реформаны жүзеге асырудың Ұлт жоспары табысты жүзеге асырылғанын қалайды. Мұндай тарихи маңызы бар жұмыстар ел бірлігі, татулық пен тұрақтылық арқылы ғана іске асатыны анық.
Ел тарихындағы аса жауапты кезеңге қадам басатын маңызды сәтте елді ұйыстырып, Елбасы саясатына жұмылдыра түсуге сайлау науқаны зор септігін тигізбек. Сондықтан, біз барша қазақстандықтарды халық қалаулыларының бастамасына қолдау білдіруге шақырамыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support