- Advertisement -

Парламент парасаттылық танытты

68

- Advertisement -

Дэвид М.ВАЛЕРА,
экономикалық сарапшы (АҚШ).

Қазақстанда парламенттік сайлау мерзімінен бұрын өтуі мүмкін екендігі туралы хабар Нью-Йорктің іскерлік орталарында да қызу талқылануда. Экономикалық сарапшылар бұл ұсынысты дер кезінде жасалған және өте дұрыс шешім деп санайды. Еліміздегі бұл мәселенің өрбу барысы әлемнің жетекші компанияларының кеңселері орналасқан атақты Рокфеллер орталығының да назарынан тыс қалған жоқ.
Мәселен, америкалық экономикалық сарапшы Дэвид М.Валераның пікірінше, жаңа міндеттерді Парламенттің жаңартылған, білікті мамандардан тұратын, халық мүддесін ойлайтын құрамы көмегімен жүзеге асыруға ұмтылу өте түсінікті. «Бұл мәселеде барша қазақстандықтардың ең дұрыс, ең тиімді және ең ақырғы шешім қабылдай алатын Президент Назарбаевтың не айтатынын күтіп отырғаны да белгілі. Қазақстан экономикасының ахуалына мұнай бағасының деңгейі мен Ресейге қарсы санкциялар да тікелей ықпал етеді. Ал егер соңғы онжылдықтар ішінде сіздердің Президенттеріңіздің талай-талай қиын жағдайлардан елді аман-есен алып шыққанын ескерер болсақ, біз бұл жолы да солай болатынына сенімдіміз. Мен, сондай-ақ, Қазақстанның жақында өте күрделі сынақтардан абыроймен өтіп, ДСҰ-ның 162-ші мүшесі болғанын атап өткім келеді. Бұл – біздің ел үшін үлкен жеңіс. Сондықтан, ел экономикасының қайта жақсаруы аз ғана уақытты талап ететін мәселе деп сеніммен айта аламын», – дейді нью-йорктік экономикалық сарапшы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support