Реформаларды жүзеге асырудың маңызды сатысы

51

Ли ЦЗЫГО,
Қытай халықаралық мәселелерді
зерттеу институтының Еуразия бөлімі
директорының орынбасары.

«Қазақстан реформаларды жүзеге асырудың маңызды сатысына өтті. Парламент Мәжілісінің депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау мемлекеттің тұрақтылығын арттырып қана қоймай, елдегі реформалардың сәтті жүзеге асуына әсер етеді», – дейді Қытай халықаралық мәселелер зерттеу институтының сарапшысы Ли Цзыго. Оның айтуынша, 2016 жыл әлем елдері үшін ауыр сынақ кезеңі болғалы тұр. Ірі мемлекеттер арасындағы саяси шиеленіс және экономикалық мәселелер жағдайды ушықтыра түсіп отыр.
«Егер халықаралық жағдай жақын уақытта түзелмесе, күзге қарай бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін. Осы факторларды ескере отырып, Мәжіліс депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау дұрыс қадам. Бұл елдегі тұрақтылықты сақтап, алда болатын кез-келген жағдайға дайын тұруға мүмкіндік туғызады. Сайлаудан кейін жаңа құрам елдің дамуына жаңа серпін береді деп сенемін», – дейді Ли Цзыго.

Comments are closed.