- Advertisement -

«Ордабасы» ойсырай ұтылды

148

- Advertisement -

Ел кубогы жолындағы бәсекенің 1/8 финалында «Тараз» өз алаңында шымкенттік «Ордабасы» командасын қабылдады.

Шыны керек, жанкүйерлер тараздықтардан мұндай жанкештілікті күте қойған жоқ. Бұған алаңға шыққан ойыншылардың негізгі құрамының едәуір өзгергені себеп болғаны анық. Бірақ, тараздықтар жігерлілік таныта білді. Жамбыл футбол мектебінің түлектері Берік Айтбаев, Бауыржан Байтана, Жақып Қожамберді, Александр Кучма, Мұрат Тілешев сондай-ақ жас футболшылар Данияр Баялиев, Тимур Досмағанбетов жеңіс үшін барын салды (аталған ойыншылардың басым бөлігі бұрын негізгі құрамда алаңға шықпайтын). Бірінші таймда жарақат алып қалған Виталий Евстигнеевті, Эдуард Сергиенконы алмастырған Сергей Скорых пен Корнелис Уббинк те аянып қалмады. Бір сөзбен айтқанда, нағыз командалық ойынды көрсете білді. Нәтижесі де соған сай, есеп – 3:0. Жерлестеріміз 1/4 финалға шықты.
Бірінші таймның 15-ші минутында жартылай қорғаушы Жақып Қожамберді он бірінші нөмірлі жейдеде өнер көрсететін Тимур Досмағанбетовтің доп тасымалын тиімді пайдаланып, есеп ашты. Матчтың 55-ші минутында таблодағы көрсеткішті легионер Корнелис Уббинк еселеді. 63-ші минуттағы Мұрат Тілешевтің пенальтиден соққан голы осы ойынның нүктесін қойғандай еді. Бірақ, тараздықтар төреші ысқырығы естілгенге дейін шабуылды тоқтатқан жоқ.
Бұл – биылғы футбол маусымындағы «Тараздың» қарсыласын ірі есеппен тізе бүктірген алғашқы жеңісі.

Ардақ Үсейінова,
«Ақ жол».

Note the number of the hotline hausarbeithilfe.com einleitung hausarbeit schreiben before you go abroad.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support