Ардагерлер – алтын қорымыз
Ардагерлер – алтын қорымыз
Кеше облыстық әкімдікте облыстық ардагерлер ұйымының VII конференциясы болып өтті. Оған Тараз, Шу қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдарынан барлығы 63 делегат, облыс әкімі К. Көкірекбаев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің мүшесі А. Момышев, облыс әкімі мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасарлары, басқармалар мен департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, бірқатар қоғамдық ұйымдар жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Басқосудың күн тәртібіне сай облыстық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев баяндама жасап, екі конференция аралығында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Тараз қалалық, Жуалы, Қордай, Сарысу аудандық ардагерлер ұйымдарының төрағалары А.Түсіпов, Ж.Мұратай, Т. Гранкина, Қ. Әбілов баяндама бойынша жарыссөзге шықты. Конференцияның пленумында облыстық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағалығына Еркінбек Солтыбаев, орынбасарлығына Сансызбай Жорабеков, жауапты хатшылығына «Ғұмыр-дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов сайланды.
(Конференция туралы есепті газетіміздің келесі санынан оқисыздар).