Жамбыл облысында жол бойына тасталған сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталды
Жамбыл облысында жол бойына тасталған сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталды
Жамбыл облысында жол бойына тасталған сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза тапқан сәбидің әкесі делінген ер адамды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, 1997 жылғы ер адам Талас аудандық Үшарал ауылының тұрғыны", - деп хабарлады Талас аудандық ІІБ басшысы Азамат Айхынбеков.
Оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі есеңгіреп, бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтып отыр.