Саясат

Тың серпінге бастайтын жаңғыру

Тың серпінге бастайтын жаңғыру

Найман-Султанбаев--шуНайман Сұлтанбаев, Жаңақоғам ауылдық округінің әкімі.

Қазақтың даласының дархандығы, жерінің байлығы, өмірінің мамыражайлығы да пейіліне біткен. Рас, жаңалықтың бәрі жағымды бола бермейтіні заңдылық. Бірақ, тіршіліктің тағы бір тамаша заңдылығы – кез-келген үрдісте жағымды-жағымсыз жаңалықтар алмасып келіп, түбінде екшеліп нәтиже береді. Қазақ халқының тарихында небір қилы заман көшінің ізі жатыр. Бүгінде тұғырлы Тәуелсіздігіміз бар. Аңсаған армандарға қол жетті. Әлем дағдарыс дертімен бетпе-бет келіп тұрған қазіргі аумалы-төкпелі уақытта та біздің еліміз бағытынан жаңылып отырған жоқ. Жаһандық дағдарыстың жаңа толқынына қарсы қаруымыз – Ұлт көшбасшысының ұтымды саясаты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев дүниежүзінде орын алып отырған ахуал жағдайында жаңа Стратегиясын ұсынды. Ол Стратегия тек дағдарысқа қарсы тұру шараларымен ғана шектелмей, даму жолын жаңғырта түсуді де көздейді. Ол – нақты реформаларға негізделген 100 нық қадамды қамтитын ұлттың Ұлы жоспары. Биыл мемлекетіміз тарихтың сынақпен басталған жаңа кезеңіне аяқ басты. Бұл уақыт сергектікті талап етеді. Осы орайда, Парламент фракцияларының мерзімінен бұрын Мәжіліс және түрлі деңгейдегі мәслихаттар сайлауларын өткізу жөніндегі Елбасына жолдаған Үндеуі өте құптарлық шешім екендігін жүрегімізбен сезіп, түйсігімізбен түсініп отырмыз. Парламент осы уақытқа дейін маңызды жобалар мен бағдарламаларды өміршең етуге қажетті 80-нен астам Заңдарды қабылдапты. Бұл демократиялық қадамдары арқылы олар өз міндеттерін ойдағыдай орындап шыққандығын көрсетті. Қоғам қағидаттарын жағдайлар өзгертеді. Тек оған жедел әрі ұтымды икемделе білу керек. Мемлекеттік саясатты жүргізу жағдайында осындай қарқынды пайдалану – ұлттың өміршеңдігінің кепілі. Бүгінде әлем алдында алып кедергі, күрмеуі қиын үлкен проблема тұр. Мәселе ортақ болғанмен, одан сытылып шығудың жолдарын әр ел өзінше қарастырады. Ал біз бұл жолда бірінші қадамға аяқ бастық. Жоспарымыз дайын. Ал жаңа мәжілістің төрлетуі – оны тиімді жүзеге асырудың алғышарты десек те болады. Себебі, бастаманың баяндылығы тың серпінді қажет етеді. Жаңа адамдар жаңаша ой, жаңаша көзқараспен келеді. Оның үстіне, жауапты кезеңдегі бұл сайлау партиялардың саяси мүмкіндіктерін танытуға жол ашатыны анық. Мәжілістің жасақталған жаңа құрамының алдында зор жауапкершілік тұрады. Сондықтан, елдің жайын білетін, ұтқыр ойлы, саясаттың қыр-сырынан хабары бар, білікті де білімді азаматтардың қатарға қосылуы ауадай қажет. Халыққа керегі – осы.

Шу ауданы.