- Advertisement -

Бірлік – баға жетпес қазынамыз

95

- Advertisement -

Өңірлік коммуникация қызметінде «Реформалар табысы – Ұлт бірлігіне бастар жол» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Жиында «Әулиеата» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі Парида Мамедова БАҚ өкілдерімен бұл жолы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын түсіндіру мен іске асырудың бағыттары жөнінде әңгіме өткізді.
– Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында бірегейлік пен келісімді нығайтудың жаңа сатысына көтерілді. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуының 2025 жылға дейінгі бірегейлік пен бірлік және дамудың жаңа тұжырымдамасының қабылдануымен негізделіп, азаматтардың рухани бірігуіне, отансүйгіштік сезімін нығайтуға, елдегі болып жатқан оқиғаларға өздерінің тікелей қатыстылығы мен ортақ үй – Отан тағдыры үшін жауапкершілік сезімінің қалыптасуына ықпал етуде, – деді жиын барысында Айгүл Қабиева. Сондай-ақ, ол «Әулиеата» қоғамдық бірлестігі күшімен атқарылған іс-шаралармен де таныстырып өтті.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Парида Мамедова өздерінің қандай бағыттар бойынша жұмыс жасайтындықтарын айтып, бірқатар статистикалық мәліметтер келтірді.
– «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзгерістерге сай жастар белсенділігін жандандыруды алдына басты мақсат етіп отыр. Әрі жастар арасындағы қылмысты, демографиялық ахуалды, жұмыссыздық мәселелерді де бағамдауда. Біз облыстағы 10 аудан және Тараз қаласы аумағында облыс жастарының этносаралық қарым-қатынастары, діни көзқарастары, жұмыссыздық, жастар мәселелеріне байланысты әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Зерттеуге 14-29 жас аралығындағы жастар қамтылды. Жалпы, біздің алдымызда жастардың қоғамдық әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге әзірлігін анықтау міндеті тұр, – деп түйді ол сөзін.
Жиын соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өздерінің көкейіндегі сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support