Кәсіби Парламенттің құрылғанын қалаймыз
Кәсіби Парламенттің құрылғанын қалаймыз
Зарина Әбілсейітқызы, мұғалім.
Мәжілісмендердің Елбасына өз өкілеттіліктерін тоқтатып, Мәжіліс сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге Үндеу жариялауы уақтысында жасалған қадам деп білемін. Өйткені әлемнің әр түкпірін дағдарыс шарпып жатқанда келер жылы не болары белгісіздік туғызуда. Ел қамын ойлаған халық қалаулылары дағдарыс толқынына жаңа құраммен келеді деп ойлаймыз. Мәжіліс депутаттары осы құрамда жүзден аса заң жобаларын қарап, талдап, Үкіметпен ымырада жұмыс жасады. Қабылдаған әрбір заң халықтың игілігіне шешілді. Әсіресе әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, жастардың аяқтан тұрып кетуіне қолайлы түрлі жеңілдетілген бағдарламалар қабылданғаны қуантады. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ойы – дұрыс шешім. Еліміздің сыртқы саясаты көп векторлы болғандықтан әлемде болып жатқан түрлі оқиғалар бізге тікелей әсер етпей қоймайды. Сондықтан уақыттың сынағына алдын ала қамдану керек. Бірінші қаңтардан бастап Ұлт жоспарын жүзеге асыру қолға алынғаны баршаға белгілі. Ертерек Мәжілістің жаңа құрамын жасақтап, оның заңдылығын бекітіп алған жөн. Әлем жұртшылығы қазір халықаралық жағдайға алаңдаулы. Қазақстан болса осындай алмағайып уақыттың өзінде ел экономикасын жедел жаңғыртуға қарай бет бұруда. Ол үшін Елбасымыздың 5 институттық реформасы дайындалды. Осы реформаларды жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» таңдап алынды. Ұлт жоспары жүзеге асырылу үшін жаңа құрамдағы кәсіби Парламент ауадай қажет.
Тараз қаласы.