- Advertisement -

Девальвация мінілген көліктер саудасына қалай әсер етті?

69

- Advertisement -

pogudx658ek72j438.ea2900b5Kolesa.kz сайтының сарапшылары Қазақстанда қолданыста болған автокөліктер нарығындағы белсенділіктің төмендегенін айтты деп жазадыҚамшы порталы.

2015 жылы автомобиль нарығында бірнеше маңызды оқиға болды: Ресейден жаңа және қолданыста болған автомобильдердің жаппай әкелінуі; автосалондарда көлік сатылымының күрт бәсеңдеуі (бұған мемлекеттік бағдарламалар да, автонесиелеу де бөгет бола алмады).

“Көптеген сатушы үшін екі мәселе шешусіз қалды: сатылатын автомобильдің бағасы қандай болу керек және оны қазір қандай валютамен сатқан қолайлы? Көп адам көліктерін сатуға да, сатып алуға да асықпады”, – деді басылым мамандары.

Өткен жылдың басында сайтта автомобильдің сатылатыны туралы жарнама саны жарты миллионға жуық болса, жыл соңына қарай ол 350-360 мыңға дейін азайған. Автомобиль сатылымының шарықтау шыңы ақпанда болыпты.

Ал қыркүйек айында сайтта автомобиль сату туралы 339 810 жарнама ғана жарияланды. Қазан айында бұл көрсеткіш 352 951-ге жетті. Сарапшылар автомобиль сатылымының азаюы ұлттық валютаның құлдырауымен тікелей байланысты деп отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support