- Advertisement -

Аты аңызға айналған ауыр атлет өмірден өтті

85

- Advertisement -

20160115063733Атақты ауыр атлет, Олимпиялық ойындардың екі дүркін  чемпионы Леонид Жаботинский 77 жасында өмірден озды. Бұл туралы «Советский спорт» газетіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Өлімнің себебі хабарланып отырған жоқ.

Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен ауыр атлет екі кезек Олимпиялық ойындардың (1964, 1968), төрт мәрте әлемнің (1964, 1965, 1966, 1968), екі рет Еуропаның (1966, 1968) және бес дүркін КСРО-ның (1964, 1965, 1966, 1968, 1969) чемпионы атанды.

Атлет әлемнің — 19, Кеңес Одағының — 20 және Украинаның 58 рет рекордын жаңартқан.

1979 жылы Запорожьеде Леонид Жаботинскийдің бастамасымен ауыр атлетикадан олимпиялық резервтегі «Спартак» жасөспірімдер спорт мектебі ашылып, оған атлеттің есімі берілді.

Қалада жыл сайын Леонид Жаботинскийдің жүлдесі үшін турнир өткізіліп келеді.

Спортшы екі рет КСРО-ның Еңбек Қызыл Ту орденімен, Украинаның «Еңбек сіңіргені үшін» орденінің  II және III дәрежесімен наградталған. Ол сондай-ақ Запорожьенің құрметті азаматы болған.

Леонид Иванович Жаботинскиймен қоштасу рәсімі 16 қаңтар күні сағат 10:00-11:00 аралығында Украинаның Запорожье қаласы, Лермонтов көшесі, 21-үйде (Л.И.Жаботинский атындағы спорт мектебі) өтеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support