Денсаулық

40 млн долларлық бизнесін ұжымына үлестірген кәсіпкер бұл қадамын түсіндірді

40 млн долларлық бизнесін ұжымына үлестірген кәсіпкер бұл қадамын түсіндірді

pogudx5u4ihu74end.a460f0f0Өткен жылдың соңы оралдықтар үшiн ғана емес жалпақ Қазақстан үшiн де ерекше жаңалықпен аяқталды. Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы iрi бизнесмендердiң бiрi Барлық Меңдiғазиев жиырма жыл бойы құрған жеке бизнесiнен бас тартып, оны 180 адамдық ұжымының иелiгiне бердi деп хабарлайды Жас Алаш газеті.

Бизнесмендi құны 40 миллион долларға бағаланған жеке кәсiбiн жұмысшыларға сыйлауға не мәжбүрледi?

Жыл соңына санаулы күн­дер қалғанда арнайы бас­пасөз мәс­лихатын өткiз­ген Барлық Мең­дiғазиев өзiнiң  KSS компаниясы активтерiн ұжым арасында бөлiп бе­ретiнiн хабарлады. Оның айтуынша оған Батыс Қазақстан облысының жер қойнауын пайдаланып отырған Қарашығанақ Петролеум компаниясының қоршаған ортаны бүлдiрiп отырғаны жайлы ашық талап қойғаны себеп болған.

“Егер сенiң көз алдыңда балалар уланып жатса, оны көр­мегендей болып, “бұл менiң шаруам емес” деп қа­лай жүре­сiң? Мен тек сол Березевкадағы балаларға қолұшымды бердiм, нә­тижесiнде компания қара тiзiмге iлiктi. Экологиялық мәселенi бұған дейiн де көтер­генiм үшiн тағы бiр компаниям “KSS building” банкрот болды, ендi тым құрымағанда осы компанияны сақтап қалу үшiн осылай iстеуге тиiспiн”, – дедi ол.

Мамандығы эколог Барлық Меңдiғазиев ендi қоғамдық iстермен араласуға бел байлағанын айтты.

“Мен ендi Қазақстанда бизнеспен айналыспаймын. Бiрақ Қазақстаннан ешқайда кет­пеймiн. Осы жерде қоғамдық iстерге араласамын. Жемқорлықпен күресiп, экологиялық мәселелердi көтеремiн, кәсiп­керлер құ­қын қорғаймын. Бiлге­нiмдi жас бизнесмен қыз-жiгiт­терге үйретемiн”, – дедi өзi­нiң алдағы мақсаты туралы.

Барлық Меңдiғазиевтiң айтуынша Қарашығанақ Петролум компаниясына сер­вистiк қызмет көр­сететiн KSS компаниясы актив­терiнiң тәуелсiз бағалаушы компаниялар бағалаған құны – 40 мил­лион доллар.

“Әрине, 20 жыл бойы үзi­лiссiз бар күш-қуатыңды салған iсiңмен жай қоштаса салу оңай емес. Осы биз­нес­тi өркендету үшiн тiптi балаларымның қалай ержет­кенiн де көргенiм жоқ. Бiрақ мен бұл шешiмдi отбасылық бизнес бол­ғандықтан әйелiммен ақылдаса отырып қабылдадым. Ал қыздарымның менi түсiнетiнiне сенiм­дiмiн”, – дедi.

Барлық Меңдiғазиев KSS ак­тивтерiн бөлу туралы келi­сiмдердi заңгер Жәнiбек Сү­лейменовтiң әдiлеттi әрi объек­тивтi өткiзе­тiнiне сене­тiнiн айтты.

“Уайымдамаңыздар, бә­рi ойдағыдай болады, тiптi одан да жақсы болуы мүмкiн”, – дедi ол ұжымға қарап.

“Мен АҚШ-та өз бизнесiмдi жалғастыратын боламын. Ол негiзiнен мейрамханамен және мейрамхана жанынан ЭКСПО ұйымдастырумен байланысты. Америкада бизнес жасау Қазақстанға қарағанда оңай әрi болашағы бар. Бiрақ Қазақстанның потенциалы үлкен, ол әлi жас. Қалайда мендегi идея тудыратын генераторды өшiрдi, ендi мұнда бизнеспен айналысқым келмейдi. Компания жетекшiсiн ұжым өзi таңдайды. Сосын өздерiңiз бекiт­кен жалақымен жалданып, сiз­дерге уақытша көмектесе­мiн”, – деді кәсіпкер.

Бизнесiнен бас тартқан кәсiп­керден журналистердiң бiрi “Қа­зақстанда еркiн ойлы адам ретiнде қоғамдық iс­терге қатысу басыңды өлiм­ге байлау екенiн бiлесiз бе? Сiздiң қоғамдық қыз­метiңiз қандай қалыпта жүзеге асады?” – деп сұрады.

“Мен саясатпен айналысу туралы ойлап отырғаным жоқ. Себебi мен саясаткер де, оппозиционер де емеспiн әрi менен саясаткер шықпайды”,– дедi ол.

Жыл соңындағы өз биз­несiнен өзi бас тартқан кә­сiпкердiң әре­кетiн кейiн, қаңтардың 5-i күнi Астанада өткен брифингте Батыс Қа­зақстан облысының әкiмi Нұрлан Ноғаев өзiнше тү­сiндiрген болды.

“Барлық Меңдiғазиевтiң ше­шiмiне қатысты айтарым, ол оның жеке меншiк кә­сiпорыны, не жасаймын десе де өз еркi. Бизнесiн ұжымға беру де оның қалауы”, – дедi облыс әкiмi.

Әйтсе де елдiң есiнде бас­қа оқиға бар. Осыдан үш жыл бұрын, нақтырақ айтсақ 2013 жылғы шiлденiң 12-сiнде Алматыда баспасөз мәслихатын өткiзген “KSS building” ЖШС бас директоры Барлық Меңдiғазиев БҚО әкiмi Нұрлан Ноғаевты “қызмет бабын асыра пайдаланды” деп ашық айып­таған едi.

Сол жолы ақсайлық бизнесмен мұнай қалдықтарын көметiн орынның құрылысын ЮНЕСКО тiзiмiне енген тұщы су бассейнi маңынан салуға қарсылық бiлдiрген. Құрылыс тоқталғанымен, облыс билi­гiнiң iшiнде қатқан мұз қал­ған. Салық комитетi, қаржы полициясы тарапынан жасал­ған тексерулер кәсiпкердiң “салықтан жалтарғанын” анықтап, Барлық Меңдiғазиев қамауға алынды, кәсiпорын­ның шоты жабылды.

Iстiң соңы “KSS building” ЖШС банкрот болуымен әрi Барлық Меңдiғазиевтiң айыппұл мен салықты төлеуiмен аяқталды. Оған бiр жылға дейiн кәсiп­кер­лiкпен айналысуға тыйым салынды. Кәсiп­кердiң өзi БҚО әкiмiне қызу қандылықпен айтқан сөздерiнен бас тартып, “Атамекен” қоғамдық кеңе­сiне ол сөздердi эмоцияға берiлiп айтқаны үшiн қынжылатынын бiлдiрген хат жазған едi.