Мекке мен Мәдинада қар жауды

128

pogudx4f6m05octj5.787b4cb9 pogudx140kc9vbegso.4da439e2Қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларында қар жауды деп хабарлайды NUR.KZ. порталы.

Ерекше құбылыстың куәсі болған Әкбар қажы Ысмайлов өзінің Facebook-тегі жеке парақшасына жариялады.

«Мекке мен Мәдинаның жол ортасында қар жауып тұр. Жаңа ғана түсірілді», – деп жазған қазақстандық азамат.

Жерлесіміздің сөзінше, ақ ұлпа қасиетті жерге 13 қаңтар күні жауған. Бейресми ақпаратқа сәйкес Меккеге алғаш қар 2015 жылдың  ақпан айында түскен екен. Көпшілік ерекше құбылысты ақырзаманның белгісі десе, енді бірі – климаттың өзгеріп, экологияның құрығанының кесірі деп жатыр.

Comments are closed.