- Advertisement -

Е.Досаев «ТұрғынүйЖинақБанкі» салымшыларына төленетін өтемақы көлемін атады

55

- Advertisement -

20160115140222ҚазАқпарат — ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «ТұрғынүйЖинақБанкі» салымшыларына төленетін өтемақы көлемін атады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ТұрғынүйЖинақБанкінің салымшыларына өтемақы төлеу жүйесін жасақтап болдық. 20 тамызға тіркелген сома 171 млрд. теңгені құраған. Бұл сол кезде болған салымдар», — деді ол тілшілерге берген жауабында.

Министрдің мәліметтері бойынша, өтемақы көлемі 60,9 млрд. теңгені құрамақ. 2016-2017 жылдары оның 24 млрд. теңгесі банктің жеке табыстары есебінен өтеледі. 36,9 млрд. теңге биыл және келесі жылдары Үкімет резервтерінен бөлінеді.

«Тиісті шешім Экономикалық саясат кеңесінде қабылданды. «Бәйтерек» ұлттық холдингі мен ТұрғынүйЖинақБанкімен бірлесіп, Үкімет аясында тиісті шешімдер жасақталуда. Өтемақы төлеу екі траншпен: 2016 жылдың шілде айында және 2017 жылдың қазан айында жасалады», — деді Е. Досаев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support