Мәдениет

БАҚ саласындағы президенттік сыйлықтар мен гранттарға ұсыныстар қабылдау басталды

БАҚ саласындағы президенттік сыйлықтар мен гранттарға ұсыныстар қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 2014 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысхатын алуға үміткерлерден ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.

«Сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлерді бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады. Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдарды шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады», - делінген хабарламада. Әрбір бұқаралық ақпарат құралы, шығармашылық одақ, қоғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміткер ғана ұсынуға құқылы. Гранттар мен сыйлықтарды қабылдауға ұсыныстар беруге өтінімдер талаптары Ақорданың сайтында орналастырылды.