Денсаулық

Майлы тағам есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді - ғалымдар

Майлы тағам есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді - ғалымдар

20160114175917Майлы тағам адамның есте сақтау қабілетіне теріс әсер етіп, қант диабеті ауруына шалдықтырады. Зерттеу жүргізген Американың Техас университетінің ғалымдары осындай тоқтамға келді.

Зерттеушілер майлы тағамның салдарын анықтау үшін тышқандарға үш ай тәжірибе жүргізген. Осылайша майлы тағамдар берілген кемірушілердің есте сақтау қабілеті нашарлай түскен.

Оларда жадының негізгі орталығы саналатын - гиппокамп нейрондарының белсенділігі төмендегені байқалды, деп жазады ресейлік «Наука и жизнь»журналы.

Тышқандар ойыншықтар орналастырылған қорапқа жіберілген. Кеміргіштер айналасына бойы үйренгесін ойыншықтардың орналасу реті ауыстырылған.

Майлы тағам берілген кемірушілер ойыншықтың жаңа орнын өзгелерге қарағанда нашар есте сақтағаны белгілі болды.

Сонымен қатар, тәжірибе жасалған жануарларда 2-ші типті диабет белгілері пайда болған.  Яғни, тіндерде инсулинге сезімталдық азайып, олар қаннан глюкозаны ажырата алмай қалады.