Оскар Де Ла Хойя: «Егер қазір Головкин - Альварес жекпе-жегін өткізсе, Канело гонорардың 90% әкетеді»
Оскар Де Ла Хойя: «Егер қазір Головкин - Альварес жекпе-жегін өткізсе, Канело гонорардың 90% әкетеді»
Golden Boy Promotions президенті Оскар Де Ла Хойя Головкин - Альварес жекпе-жегі дәл қазір неге ұйымдастырылмайтынын түсіндірді, деп жазды Sports.kz.
Оның сөзіне қарағанда, екі боксшының ақылы трансляциясын сатудағы айырмашылыққа байланысты қазір гонорар тең бөлінбейді.
- Бұл кездесу ертең болған жағдайда гонорардың 90 пайызы Канелоға тиесілі болар еді. Қазір мұндай келіссөздер жүргізу қиын екені анық, алайда уақыты келгенде осы жекпе-жекті бірге талқылаймыз. Өйткені бұл кездесуді барлығы тағатсыздана күтіп отыр, - деді Де Ла Хойя ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.