Денсаулық

Таиландтық қыз қайтыс болған жігітіне тұрмысқа шықты

Таиландтық қыз қайтыс болған жігітіне тұрмысқа шықты

pogudx69qa6t7o311.479cd25dТаиландта бір бойжеткен өзінің сөз байласып жүрген жігітіне ол қайтыс болған соң күйеуге шықты.

Мұны қалың жұртшылыққа Нан Тхиппхарат есімді қыз осы сәттерден түсірілген рәсімдерін өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялап, соңына мұны «өз өміріндегі ең бақытты оқиға» деп бағалап жазуы арқылы жеткізді. Бірақ әлеуметтік желіні пайдаланушылардың барлығы бірдей қияли қыздың бұл «қуанышына ортақтастық» білдіре қойған жоқ.

«Қалыңдықтың» айтуына қарағанда, некеге тұру сәті «өз өміріндегі барлық сүйіспеншілігі» әсерімен өткен, «жас жұбайлардың» мәңгі бірге болуларына өлімнің өзі кедергі келтіре алмаған. Сонымен бірге, «жас қалыңдық» өздерінің бұл өзгеше «үйлену тойларына» берген бағаны: «Мен осы үйлену тойын қатты армандадым. Біз екеуміздің қол ұстасып келе жатқанымызды талай рет көз алдыма келтіріп көрдім. Енді алаңсыз дамылдап жат. Мен сені сүйемін, Фиат. Біздің арманымыз осылай орындалғанын біліп жүр», – деп білдіреді.

Фиат есімді жас жігіттің кенеттен болған өлімі оның барлық туған-туыстары мен жақындары үшін нағыз ауыр соққы болды. Себебі, ол ешқандай аурумен ауырмайтын еді. Алайда, жас жігіт аяқ астынан болған жүрек талмасынан кетіп қалды.

«Бұл менің осы өмірдегі жасаған тірлігімнің бір тәсілі еді. Ал келешекте мәңгі бірге болатынымызға сенемін. Мен оны жүрегіммен сүйдім, сондықтан оны менен алып кеткеніне келісе алмадым. Үйлену тойы күні ол ғажап болып жатты. Мен мұның оған ұнағанын білемін», – деп жазды бойжеткен.