- Advertisement -

«Үлкен ел – Үлкен отбасы»

70

- Advertisement -

акциясының тұсауы кесілді

Болашағы біртұтас ұлттың бойындағы жасампаздықты жарыққа шығарып, әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылуға бастайтын Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған Ұлт жоспарындағы 5 институттық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадамның» 85-қадамында «Мәңгілік Ел патриоттық актісі жобасын әзірлеу» атап көрсетілсе, 86-қадамында бүгінгі ұлтаралық татулықтың ұйытқысы болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына «Үлкен ел – Үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және оны жүзеге асыру жүктелген. Себебі, еліміздің болашағы – халқымыздың біртектілігі мен бірлігінде және қазақстандықтардың тату-тәтті тұрмыс кешуі мен ортақ Отанымыздың кемелденіп, саяси тұрақтылықтың орныға түсуі – ел болашағының кепілі болмақ. 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай елімізде басталған «Үлкен ел – Үлкен отбасы» акциясының өз өңірімізде салтанатты түрде ашылу рәсімі Тараз мемлекеттік педагогикалық иниститутының мәжіліс залында өтті. Ассамблея мүшелері және түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкіл­дері қатысқан акцияның ашылуында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Маржан Қожаева: «Ассамблеяның 20 жылдығына орай былтыр өңірде 70 мың азаматтың қатысуымен екі мыңға жуық түрлі мәдени іс-шаралар, байқаулар, форумдар өткізілген болатын. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Үлкен ел – Үлкен отбасы» акциясы аясында биыл да бұл игілікті істер жалғасын таппақ. Алдағы іс-шаралардың барлығы да Тәуелсіздіктің тұғырын биіктетіп, «Мәңгілік Ел» идеясының жүзеге сәтті асуына негіз болмақ», – деді. Сондай-ақ, маңызды мазмұндық сипатқа ие акция барысында өңірдегі этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея жанынан құрылған аналар кеңесінің мүшелері, белсенді жастар сөз сөйледі. Мәңгілік Ел болу жолында аянбай еңбек етіп, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қазақстандық біртұтастық дәріптелген акцияда достықтың әні шырқалып, биі биленді.
– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенділігі мен саяси тұрғыдағы кемеңгерлігін әлем мойындай бастағаны даусыз. Себебі, көп ұлтты елдің басын қосып, бір отбасын жасау – кез-келген Президенттің қолынан келе бермейтін іс. Мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспарындағы «100 нақты қадамды» жүзеге асыру баршаға міндет деп есептеймін. Әр ұлттың бір-біріне бауырмалдықпен және салт-дәстүрлеріне жақсы көңілмен қарауы – үлкен қасиет. Қазақстандық әрбір этнос өкілі өзінің дінін, ділін, тілін, ұлт ретіндегі құндылықтарын бір-бірімен сабақтастырса, соның арқасында мемлекетіміз әлемдік деңгейге көтерілсе, еліміз бірліктен ажырамай, дамыған 30 елдің қатарына еркін енсе – мақсатымыздың орындалғаны. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарға уақыт өткен сайын біртіндеп қол жеткізіп келеді. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналған. Ендігі келер ұрпақ Мәңгілік Елдің ұрпағы болатынына сенімім мол, – дейді «Әулиеата» этномәдени орталығы ақсақалдар алқасының төрағасы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры, мәдениет қайраткері Есілбек Баймұрзаев.
Жалпы, облыста аталған акция аясында жыл аяғына дейін түрлі халықаралық медиафорумдар мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу бойынша әртүрлі байқаулар өткізіліп, 35-тен астам түрлі іс-шара ұйымдастырылуы күтілуде. Себебі, ел Тәуелсіздігінің 25 жыл ішінде серпінді еңбектерімен танылып, қуатты мемлекет құра білген қазақстандықтарды алда жаңа белестер мен жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр. Барша қазақ халқын сол жарқын істерге бастайтын – Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарындағы жүзеге асырылатын жобалар. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері ұйытқы болған «Үлкен ел – Үлкен отбасы» кең көлемді жобасы осы ұлт жоспарының іске асуына барша қазақстандықтарды жұмылдыруды көздейді.

Нұрым Сырғабаев,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support