- Advertisement -

Қонаев рухына тағзым

67

- Advertisement -

Қазақстан Жазушылар одағы Парламент депутаттарының бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісін таратып, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамасын толығымен қолдайды.
Қазақстан қастерлі тәуелсіздігінің 25 жылдығына ауқымды жаңғыртулар арқылы қадам басып отыр. Еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін жаһандық дағдарыс жағдайында сақтап қана қоймай еселей түсу үшін, Елбасының «Бес институттық реформасының» Ұлт жоспарын табысты жүзеге асыру үшін бізге тың көзқараспен, тың қуатпен жұмыс істейтін Парламент керек.
Мерзімінен бұрын Парламент сайлауын өткізу бүгінгідей жауапты сәтте халқымыздың бірлігін бұрынғысынан да нығайтып, Елбасының сындарлы саясатын мүлтіксіз жүзеге асыру жолында ұйыстыра түсетін бірегей қадам болмақ.
Шешім қабылданған жағдайда таңдау жасау – Қазақстан халқының құзырында.
Ұлы Дала Елі әлемдік экономикалық дүрбелеңнен де дін аман өтіп, «Қазақстан – 2050» Стратегиясының мақсаттарына жетіп, «Мәңгілік Ел» боларына Қазақстанның зиялы қауым өкілдері, шығармашыл азаматтары кәміл сенеді.
Қазақстанның Жазушылар одағы еліміздің барша азаматтарын баянды болашақ үшін халық қалаулыларының бастамасын қолдауға шақырады.

Қазақстан Жазушылар
одағының басқарма хатшылығы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support