Сағың сынатын «сақау» аудармалар
Сағың сынатын «сақау» аудармалар
Алысқа бармай-ақ, аудан әкімдігінен таяқ тастам жердегі жаңадан салынған ғимараттың қас бетіне ілінген сақтандыру мекемесінің мына көрсеткішіне зер салыңызшы. Ондағы бадырайтып жазылған «БАРЛЫҚ КӨРіністер САҚТАНДЫРУ» дегеннің мағынасын қанша бас қатырсаңыз да, төменіректегі «Все виды страхования» деген орысша мәтінін оқымайынша түсіне қояр ма екенсіз?
Нақ осылай, аудандық перзентханаға кіре берісте іштегі емделушілерге сәлем-сауқаттар беру тәртібін білдіретін орысша «Прием передач» дегенді бір «данышпанның» аударып беруімен «БЕРІЛІСТЕР ӘДІСІ» деп жазылып тұрғанына бір жылдан асты. Шеткері жақтарды былай қойып, күнде көз алдында, тап орталықтағы «бас жарып, көз шығарып» тұрған мұндай «сақау» аудармалар мен жарымжан жарнамаларды ауданның тіл жанашырлары әлі көрмей жүр ме, әлде көрсе де оның қате екеніне өздері де сене алмай жүр ме?
Құрманбек Әлімжан, «Ақ жол».
Қордай ауданы.