- Advertisement -

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қоғамдық орындарда мас күйінде көрінуге тыйым салынды

82

- Advertisement -

20160113140117Мемлекеттік қызметкерлерге қоғамдық орындарда мас күйінде көрінуге тыйым салынды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері вице-министр Айгүл Шайымова мәлім етті.

Жүргізіп жатқан реформалар аясындағы әзірленген шараларға тоқталған ол, алғаш рет жаңа Этикалық кодекс аясында қызметкерлердің түрлі жағдайларда жүріс-тұрысының стандарттары айқындалғанын, яғни бұнда оның жұмыс уақытындағы тәртібі, әріптестерімен қатынасы және қызметінен тыс уақыттағы жүріс-тұрысы ескерілгенін жеткізді.

Мәселен, мемлекеттік қызметкерлерге адал, әділетті және қарапайым әрі сыпайы болуы секілді талаптар қойылады. Олар шешім қабылдаған кезде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, яғни бұл ең басты өлшем және ең басты талап болып саналады.

«Қызметінен тыс уақытта олар қоғамға қарсы мінез-құлық әрекеттерге, оның ішінде қоғамдық жерлерде алкогольдік ішімдікке масайған күйінде болуына жол бермеуі тиіс. Белгіленген стандарттарды қатаң сақтау — халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімін арттыра түседі»,-деді ол.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support