Қазпошта Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болды
Қазпошта Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болды
«Қазпошта» АҚ Байланыс орталығының телефоны тәулік бойы қолжетімді болатын режімге ауысқанын хабарлайды.
Байланыс орталығы компанияның қызметтері жайлы толық мәліметті ұсынып, бөлімшелердің, постаматтардың және банкоматтардың мекен-жайы мен жұмыс істейтін уақыты жайлы сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар, 1499 Байланыс орталығына қоңырау шалып, клиенттер «EMS Kazpost» курьерін шақырып, қызмет көрсету келісім шартына тапсырыс беріп, төлем картасы бойынша операцияларды іске асыра алады.
«2015 жылда орталық сенім телефоны арқылы 300 мыңнан астам қоңыраулар қабылданды. Шағым сайттары мен әлеуметтік желілердегі компания парақшаларында, Байланыс орталығының қызметкерлерімен 20 мыңнан астам ұсыныстар мен шағымдар өңделді, ал 2 минут ішінде «Қайта қоңырау шалу» қызметімен 6 мыңнан астам клиент қолданды» - деп хабарлайды «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.
Компанияның ресми сайтындағы трекингпен қатар, клиенттер сәлемдемелерін «Telegram» мессенджері арқылы қадағалай алатын, ал енді дәл сондай қызмет «WhatsApp» мессенджерінде +77770001499 нөмірі бойынша қолжетімді. Қосылған уақыттан 5,5 мыңнан астам адам қызметпен қолданды.
Қазақстан бойынша, қалалық және ұялы телефондардан 1499 Байланыс орталығына қоңырау шалу тегін. Сапаны қадағалау үшін, барлық қоңыраулар жазылады, соңында әр клиент көрсетілген қызмет үшін баға бере алады. «Қазпошта» АҚ - пошталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы. Дүниежүзілік пошта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.