- Advertisement -

Доллар бағамы 5 теңгеге өсті

79

- Advertisement -

photo_23495KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 367,61 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күндізгі сессиядағы алғашқы келісім 366,7 теңгемен басталды. Ең төменгі баға 364,8 теңге болды. Ең максималды баға — 369,1 теңге. Сауда көлемі 79,8 миллион доллардан асты. Сессия саудасына 25 банк қатысты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында доллар 365,2 — 368,2 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін ақша айырбастау орындарында доллар 370 теңгеге дейін қымбаттаған еді. Бұл 11 қаңтарда Brent мұнай маркасы 2004 жылдың сәуірінен бері психологиялық меже саналатын 32 долларға төмендеп, ал WTI маркалы мұнайы 5 пайыздан аса арзандағаннан кейін болды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support